Мәди Ахметқожа – Семей
Мәди Ахметқожа · 27,8 N lượt xem · Đã công chiếu vào 23 thg 10, 2026
Mô tả
Мәди Ахметқожа – Семей
Әні:Мәди Ахметқожа
Сөзі:Айдана Сегізбаева
1) Қымбат маған әр тасы
Топырағыңнан нәр алғам
Шығыс болған картасы
Абай болып оралған
Сөз қадірін ұғынып
Өлең болып қаланған
Алашорда құрылып
Алты алашқа таралған
Қайырмасы:
Кие тұнған жерден
Семей деген елден
Жібек жолы өткен
Тарих салған керуен
Абай менен Шәкәрім
Қаны тамған шаһарым
Аңыз қылып айтады
Алты құрлық атағын
2)
Тоғыз жолдың торабы
Тастан қамал тұрғызған
Көпірі мен аралы
Көрсең мойын бұрғызған
Ертіс болып ағады
Асау толқын жұлдыздан
Жыр төгетін шанағы
Айналайын ұл-қыздан
Instagram - / madi.ahmetkozha
Youtube - / @madi.ahmetkozha
Telegram - https://t.me/madi_ahmetkozha
TikTok - / madi_ahmetkozha
Сұрақтар бойынша: +7 705 303 94 83 Баян
#мәдиахметқожа
#madiahmetkozha